Тоқаев бірнеше елдегі жаңа елшілерді тағайындады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев бірнеше елдегі жаңа елшілерді тағайындады Фото: t.me/pressmfakz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар арасында бірнеше тағайындау жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар арасында бірнеше тағайындау жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

  • Әлібек Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанның, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
  • Қайрат Саржанов Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Асқар Құттықадам Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
  • Мемлекет басшысының Жарлығымен Аркен Арыстанов Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети