Тоқаев бірнеше шенеунікті тағайындады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев бірнеше шенеунікті тағайындады

Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Арман Исетов Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, делінген Жарлықта.

Арман Исетов. Фото: gov.kz

Сондай-ақ, Марат Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылған.

Марат Сыздықов. Пресс-конференция кадры/Sputnik

Раушан Есболатова Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен және Қазақстанның Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылған.

Жәнібек Иманалиев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі лауазымынан босатылды, делінген Жарлықта.

Айта кетейік, бұған дейін Ермұхамбет Қоныспаев сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети