Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы, Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 498.52  course down  579.71  course down  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети