Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінде бірқатар тағайындау жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінде бірқатар тағайындау жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшының өкімдерімен:
- Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды;
- Руслан Мұхтарұлы Тұрғаналы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Ернар Лазар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!