03 тамыз 2021 15:51

Тоқаевтың сөгісінен кейін Сапарбаев шенеунікті қызметінен босатты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Досаев Қайрат Досаев

Жамбыл обылысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалған Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл обылысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалған Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың 3 тамызында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Досаев қызметінен босатылды", - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Әкімдік мәліметінше, Қайрат Досаев жаңа қызметінде 30 шілде мен 3 тамыз аралығында істеген. Бірақ 2019 жылдың 20 желтоқсанынан бастап (яғни, Тараз қаласының әкімі қызметінен босатылғаннан кейін бір ай өткен соң) еңбек инспекциясы басқармасының басшысы - өңірдің бас мемлекеттік еңбек инспекторы болғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілген еді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ. Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялаған болатын. 

Қайрат Досаев 2019 жылдың қараша айында қала мектептерінің бірінде 12 жастағы қызды зорлау оқиғасына байланысты Тараз қаласының әкімі қызметінен босатылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босатуды тапсырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети