Әблязовты Ресейге экстрадициялауы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Францияның бас прокуратурасы Мұхтар Әблязовты Ресейге экстрадициялауды сұрап отыр, - деп жазады француз газеті  Le Parisien.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Францияның бас прокуратурасы Мұхтар Әблязовты Ресейге экстрадициялауды сұрап отыр, - деп жазады француз газеті  Le Parisien.

"Лионның бас прокуратурасы жұма күні олигарх Мұхтар Әблязовты Ресейге экстрадициялауға қатысты пікір білдірді. Апелляциялық сот тергеу палатасының соңғы шешімі 24 қазанда шығарылады", делінген басылымда. Мұнда көрсетілгендей, прокурордың орынбасары Кристиан Понсар Әблязовты Украинаға емес, Ресейге беру керектігін алға тартып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қаңтар айында Франция соты Ресей мен Украинаның Мұхтар Әблязовты экстрадициялауға қатысты ұсынысын қанағаттандырып, БТА-банктің бұрынғы басшысын экстрадициялауға қатысты шешім шығарды. Алайда басымдық Ресейге берілген болатын. Одан кейін Францияның кассациялық соты Мұхтар Әблязовты Ресейге немесе Украинаға экстрадициялау туралы шешімін жүзеге асыру тоқтатылды. БТА банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, соттың ұйымдастырушылық қателігіне байланысты, ресми қаттамада Мұхтар Әбілязовтың қойылған қолының жоқтығына орай БТА банктің бұрынғы басшысын Ресейге беру туралы шешім жүзеге асқан жоқ, аталған іс соттың қарауына қайта қайтарылды.

Кейіннен қазақстандық БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың адвокаттары Франция соттарынының үстінен бірнеше шағым түсірді. Құқық қорғаушылар сот төрағаларын кәсіби құпияны ашып, лауазымды тұлғаларға ықпал етті деп кінәлады. 2014 жылдың қыркүйегінде Украина Президенті Петр Порошенко   БТА банктің бұрынғы басшысы Әбілязовтың ісі бойынша Ресейге көмектеспейтінін айтты.  Лионның апелляциялық соты Әбілязовты қамаудан бостауды сұраған оның адвокаттарының сұранысын қанағаттандырмады. 

Қазақстан азаматы Мұхтар Әблязовқа Ресейде, Украинада, Қазақстанда іздеу жарияланған. Қазақстанда экс-банкирді БТА банкінен 6 миллиард доллар жымқырды және басқа да қаржылық қылмыстарға қатысы бар деп айыптап отыр. Егер Әбілязовтың ісі Қазақстанда қаралатын болса, оның мүлкі тәркіленіп, 13 жылға бас бостандығынан айырылады. Ресей билігі оны 5 миллиард долларды жымқырды десе, Украина 400 миллион долларды қолды қылды деп отыр.

2011 жылы бизнесмен Ұлыбританиядан саяси пана тапқан болатын. Ол бұл мемлекеттен де бір жылдан кейін сот алдындағы жауаптылықтан жалтарып  қашып кетті. Әблязов 2013 жылдың шілдесінде Францияның Ривьерінде тұтқындалған.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.03  course down  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro