04 наурыз 2014 | 16:39

АҚШ санкциясы Ресейдің доллардан бас тартуына әкеп соғуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Глазьев, РФ президентінің кеңесшісі. ©РИА Новости Сергей Глазьев, РФ президентінің кеңесшісі. ©РИА Новости

АҚШ санкциясы Ресейдің доллардан бас тартуына әкеп соғу мүмкін деп хабарлайды РФ президентінің кеңесшісі Сергей Глазьевке сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Ол АҚШ санкция енгізіп жатқан жағдайда Ресей басқа валюталарды тұтынып, өзіндік есеп-айырысу жүйесін құруға мәжбүр болады деп санайды. "Біз өзіндік есеп-айырысу жүйемізді құруда басқа валюталарға еріксіз көше бастаймыз. Біздің Шығыс пен Оңтүстіктегі әріптестерімізбен сауда-саттық және экономикалық қарым-қатынасымыз тамаша, біз АҚШ-қа қаржылық тәуелділігімізді жойып қана қоймай, бұл санкциядан өзіміз үшін үлкен пайда тауып шығамыз. Ресейге қарсы санкция қолдануды жариялау туралы іс-қимылы АҚШ-тың қаржылық жүйесінің күйреуі түрінде өзіне таяқ боп тиюі ықтимал. Бұл АҚШ-тың бүкіләлемдік қаржы жүйесін билеп-төстеуін жояды" дейді президент кеңесшісі. Дегенмен Кремлдегі жоғары лауазымды тұлғаның мәліметінше, Глазьевтің Ресей мен АҚШ-тың арасындағы қаржылық қарым-қатынас туралы бұл айтқаны - оның жеке пікірі ғана, ол Кремль ұстанған саясатқа еш сәйкес келмейді. Бұған дейін Пентагон Украинадағы жағдайға қатысты Ресеймен әскери әріптестік байланысын доғарды деп мәлімделген. Бұл арада біріккен жаттығулар және бір-бірінің портында болуы, екіжақты келіссөздер мен конференцияларды жоспарлау жайы сөз болған. Сондай-ақ АҚШ Ресеймен сауда-саттық және инвестициялық келіссөздерді де тоқтатқан. Еске сала кетелік, Украина маңындағы шиеленістің ушығуына байланысты Ресейге қатысты АҚШ-тың санкция қолдану мүмкіндігі туралы бірнеше мәрте мәлімделген. Негізінен, АҚШ санкциясы ресейлік банктерге енгізілуі ықтимал. Вашингтон ресейлік мемлекеттік мекемелер мен жеке инвесторлардың активтерін тоқтатып, сонымен қатар ресейлік азаматтар үшін визалық шектеу қолданатындығын айтып, доқ көрсеткен.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети