Ресейлік белгілі палуан Александр Емельяненко сексуалды зорлық-зомбылық жасағаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ресейлік белгілі палуан Александр Емельяненко сексуалды зорлық-зомбылық жасағаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Мәскеу соты Александр Емельяненкоға 50 мың рубль көлемінде айыппұл салды. Сонымен қатар, судья спортшыға қатысты "Есірткі заттарын қолдану және тарату" бабы бойынша айыптауды қарастырған жоқ. Осыған дейін жәбірленушінің қорғаушысы Александр Карабанов прокуратураның бұл бап бойынша айыптауды алып тастағанын хабарлаған болатын.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2014 жылдың 3 наурызында спортшы Мәскеудегі Пересветов көшесіндегі үйінде 26 жастағы үй қызметшісін зорлап, оның құжаттарын тартып алған. Спортшы жыныстық қарым-қатынастың тараптардың келісімімен болғанын айтты.
Осыған дейін Емельянко 22 жастағы Полина есімді қызға үйленді. Неке қию рәсімі 1 сәуірде Мәскеудегі Бутырский тергеу изоляторында өтті. Спортшы ол жерде зорлау ісі бойынша сот шешімін күтіп отыр. "Біз осыдан екі жыл бұрын үйленеміз деп шешкен едік. Некелесу рәсімі тергеу излояторында өткені үшін мен ұялдым, дегенмен бұл махаббат. Александр өзін жақсы сезінеді, жаттығады және жақын арада абақтыдан шығуға дайындалып жатыр. Біз үйлену рәсімінің қай жерде өтетінін нақты шешкен жоқпыз. Дегенмен тойымыз жақсы өтеді деп сенемін", - деді спортшының қалыңдығы.