Алтай аймағындағы сауда орталығында жарылыс болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Lifenews.ru сайтынан алынды Фото Lifenews.ru сайтынан алынды

РФ Алтай аймағының оңтүстік-шығысында орналасқан Бийск қаласындағы сауда орталықтарының бірінде жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Life News сайтына сілтеме жасап. Төтенше оқиға салдарынан 3 әйел қайтыс болды. Жарылыс болған жерде қазір құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. "Life News" сайты сондай-ақ, жарылыс кезінде қаза тапқан адамдар саны одан да көп болуы мүмкін екендігін болжауда. Жарылыстың болғаны жөніндегі хабар орталық диспетчерлік қызметке жергілікті уақытпен таңғы сағат 08.00-де келіп түскен. "Екі қабатты сауда орталығының сау-тамтығы қалмады. Жарылыс болған жерден үш әйелдің мәйіті табылды. Қазір оқиға кезінде қайтыс болғандардың аты-жөндері анықталу үстінде", - делінген Бийскінің құқық қорғау органдары таратқан мәліметте. Тәртіп сақшылар жарылыстың неден болғанын тап басып айта алмай отыр. Анықталғанындай күлі көке ұшқан сауда орталығы көмірмен жылытылған.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети
РФ Алтай аймағының оңтүстік-шығысында орналасқан Бийск қаласындағы сауда орталықтарының бірінде жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Life News сайтына сілтеме жасап. Төтенше оқиға салдарынан 3 әйел қайтыс болды. Жарылыс болған жерде қазір құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. "Life News" сайты сондай-ақ, жарылыс кезінде қаза тапқан адамдар саны одан да көп болуы мүмкін екендігін болжауда. Жарылыстың болғаны жөніндегі хабар орталық диспетчерлік қызметке жергілікті уақытпен таңғы сағат 08.00-де келіп түскен. "Екі қабатты сауда орталығының сау-тамтығы қалмады. Жарылыс болған жерден үш әйелдің мәйіті табылды. Қазір оқиға кезінде қайтыс болғандардың аты-жөндері анықталу үстінде", - делінген Бийскінің құқық қорғау органдары таратқан мәліметте. Тәртіп сақшылар жарылыстың неден болғанын тап басып айта алмай отыр. Анықталғанындай күлі көке ұшқан сауда орталығы көмірмен жылытылған.
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course down  533.94  course down  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer