Ресей президентінің әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов "Восточный" ғарыш айлағы іске қосылса да, "Байқоңырдың" Ресейге әлі көп уақыт бойы қажет болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей президентінің әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов "Восточный" ғарыш айлағы іске қосылса да, "Байқоңырдың" Ресейге әлі көп уақыт бойы қажет болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Оған "Ресейде жаңа ғарыш айлағы пайда болғандықтан, Ресейге "Байқоңырдың" қажеттілігі бола ма?" деген сұрақ қойылған еді. "Жоқ, "Байқоңыр" бізге әлі көп уақытқа қажет болады, біз бұл туралы көп айтқанбыз", - деп жауап қатты Иванов. Сонымен қатар, ол пилоттық космонавтиканың бар екендігін айтты және "Байқоңырдан" "Протонның" ұшырылуы жалғасатынын атап өтті.
Еске салайық, осыған дейін Ресейде жаңадан салынған Восточный ғарыш айлағынан тарихтағы тұңғыш рет "Союз-2.1а" зымыран-тасымалдаушы үш спутнигімен ғарышқа ұшырылғаны хабарланған еді. Зымыран-тасымалдаушы жергілікті уақыт бойынша 05.01-де ұшырылды. Бұл шараға РФ президенті Владимир Путин келді.
Айта кетейік, "Союз-2.1а" зымыран-тасымалдаушысы 27 сәуірде ұшырылады деп жоспарланған еді, алайда 28 сәуірге кешіктірілді. "Роскосмос" басшысы Игорь Комаров бұған себеп деп басқарудың автомат жүйесінде шыққан ақауды атады. Қазіргі уақытта ұшыру уақытын кейінге кешіктіру бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Восточный ғарыш айлағы Амур облысындағы Циолковский қаласының түбінде 2012 жылы соғыла бастаған еді.