Бес жігітпен жыныстық қатынасқа түскен оқушы қыз кейін оларға айып таққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бес жігітпен жыныстық қатынасқа түскен оқушы қыз кейін оларға айып таққан © Mash

Мәскеуде 13 жастағы қыз бес жігітпен жыныстық қатынасқа түсіп, артынша оның ата-анасы жасөспірімдерге айып тақты, деп хабарлайды life.ru басылымы Mash порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде 13 жастағы қыз бес жігітпен жыныстық қатынасқа түсіп, артынша оның ата-анасы жасөспірімдерге айып тақты, деп хабарлайды life.ru басылымы Mash порталына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, оқушы қыз бірінші екі жігітпен үйдің кіреберісінде, одан кейін Краснодарская көшесіне барып, дүкеннің жанында тағы үш жігітпен жыныстық қатынасқа түскен.

Mash порталының мәліметтеріне қарағанда, жігіттер ол үшін бір шөлмек шарап беруді уәде еткен. Сонымен қатар, болған жайттың барлығын видеоға түсіріпті.

"Ролик Желіде жарияланған соң, мектепте қызды қудалау басталды. Ақыры оның анасы полицияға арыз жазып, қызының зорланғанын айтқан. Күдіктілердің төртеуін полиция ұстады. Бесіншісі іздеуде жүр. Іс қозғалған жоқ. Тергеу комитеті бұдан қылмыстық нышандар құрамын таппады", - делінген жарияланымда.

БАҚ мәліметінше, тергеу жыныстық қатынас екі жақ тараптың келісімімен болған деп есептейді. Сондай-ақ, оқушы қыздың анасы жасөспірімдерді жазаламауды сұрап, қызының адамгершілікке жатпайтын қылық жасағанын мойындаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети