12 қаңтар 2018 00:15

БТР-ді байқаусызда өртеп жіберген сарбаз видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде видео пайда болды, одан сомасы 28 миллион рубль тұратын (490 мың доллардан жоғары) БТР-82 мен әскери қару-жарақтарды кездейсоқ өртеп жіберген, алдын ала болжам бойынша ресейлік әскери қызметкер Семен Мережниковті көруге болады.

Кадрдан әскери формадағы жігітті көруге болады, ол алапат өрттің жанында, оқиғаның қалай болғанын баяндап тұр. "Тамақты жылытайын дегенмін... Жерді қазып, сәл-сәл тұтаттым", - деп түстіндірді ол.

Астрахан гарнизондық әскери соты баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2017 жылы мамырда ату жаттығу кезінде болған. Мережников үзілісті пайдаланып, тамақты жылытпақшы болыпты, алайда ол отты бронетранспортердың жанына жаққан. Ауыр көліктің үстіне брезент, құрғақ шөп пен тор жабылған. Салдарынан өрт шығып, БТР өртеніп кетті.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сот жігітті тәртіптік әскери бөлімшеде алты ай ұстау туралы үкім шығарған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети