27 сәуір 2014 | 17:13

Дағыстанда жойылған лаңкестерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Дағыстанның Дербент қаласында бандиттерге қарсы жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды РИА Новости


Иконка комментария блок соц сети

Дағыстанның Дербент қаласында бандиттерге қарсы жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды РИА Новости

РФ Тергеу комитетінің Дағыстан Республикасы бойынша тергеу басқармасының өкілі қылмыстық істің екі бап бойынша ("Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне қол сұғу" және "Қару-жарақтың заңсыз айналымы") қозғалғанын хабарлады, сонымен бірге, көзі жойылған бес лаңкестің екеуінің аты-жөні анықталған. Терроризмге қарсы ұлттық комитеттің мәліметінше, сенбі күні Дербентте "оңтүстік" террорлық бандалық тобы мүшелерін залалсыздандыру жөнінде арнайы операция өтті. Олар мамыр мерекелері кезінде республикада бірнеше террорлық әрекет жасамақ болған.

Сенбі күні жергілікті уақыт 16.00 шамасында күш құрылымдары "ВАЗ-2114" автокөлігін тоқтатуға әрекеттенген. Сол кезде машинадағы екеу оларға оқ жаудырды. Күш құрылымдарының өкілдері қарымта оқпен біреуін атып түсірді, екінші адам қашуға тырысқан. Бірақ кейін қолға түсіп, өлтірілді. Бұдан соң жеке үйлердің бірінде осы топтың тағы үш мүшесінің көзі жойылды.

"20 жастағы Марат Исмаилов пен 30 жастағы Балакерім Балакерімов полицейлерге қарай оқ атты, оның оғы полицияның 32 жастағы аға сержантының иығына тиді. Полицейлер қарсы оқ атып, оларды залалсыздандырды", - дейді тергеуші тараптың өкілі.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дағыстан соңғы жылдары ең бір шиеленісті аймақ болып отыр. Солтүстік Кавказ бен Ресейдің басқа өңірлеріндегі террорлық әрекеттердің көбіне осы жақтағы лаңкестік құрылымдардың қатысы бар болып шығады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети