17 маусым 2014 | 10:00

Джен Псаки Украина СІМ басшысының Путинге қарата айтқан сөздерін ақтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Джен Псаки Ресей президенті Владимир Путинге қарата айтқан бейәдеп сөздері үшін Украина СІМ басшысы Андрей Дещицаны айыптаудан бас тартты" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Джен Псаки Ресей президенті Владимир Путинге қарата айтқан бейәдеп сөздері үшін Украина СІМ басшысы Андрей Дещицаны айыптаудан бас тартты" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

"Дещицаның басты мақсаты-Киевтегі Ресей елшілігі алдындағы орын алған жағдайды тұрақтандыру болды" дейді Джен Псаки. "Министрдің ол сөздерді қандай жағдайда айтқанына мән беру керек. Ол шерушілерді сабасына түсіру үшін Ресей елшілігіне өзі барды және ол мақсатына жетті" деді Джен Псаки.

Сонымен қоса Джен Псаки Ресейді Украинамен арадағы газ мәселесіне қайта оралуға шақырды. Оның сөзіне қарағанда, Еуроодақ ұсынған нұсқа ақылға қонымды және әділ шешім. "Біздің көзқарасымыз бойынша, ЕО ақылға қонымды және әділ мәміле ұсынды. Украина бұл мәмілеге тоқтап отыр, сондықтан біз Ресейді келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырамыз" деген Джен Псаки сөзінен дәйек келтіреді AFP басылымы.

Естеріңізге сала кетсек, 15 маусымға қараған түні Украина СІМ басшысы Киевтегі "Правый сектор" өкілдері қиратқан Ресей елшілігінің қоршауына келіп, украиналық фанаттармен қосылып Владимир Путин туралы бейәдеп ән айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети