03 сәуір 2014 | 09:57

Емельяненконың үй қызметшісі зорлау жағдайын тәптіштеп айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Емельяненко. Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынған Александр Емельяненко. Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынған

"Ережесіз жекпе-жек спортының шебері ресейлік Александр Емельяненконың 27 жасар үй қызметшісі Полина Степанова зорлау жағдайын тәптіштеп айтып берді" деп хабарлайды tengrinews.kz LifeNews ақпарат көзіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Ережесіз жекпе-жек спортының шебері ресейлік Александр Емельяненконың 27 жасар үй қызметшісі Полина Степанова зорлау жағдайын тәптіштеп айтып берді" деп хабарлайды tengrinews.kz LifeNews ақпарат көзіне сілтеме жасап.

"Менің құрбым төрт жылдан бері оның үйінде үй тазалаушы болып қызмет атқарып келді. Бұған дейін оның қандай адам екенінен хабарым болған жоқ. Бұл менің сол үйге бірінші рет келуім еді. Ол құрбыма телефон соғып, үйін жинап-тазалауын сұрады. Алайда, құрбым екінші жұмысынан босай алмағандақтан орнына мені жіберетінін айтты"-дейді жәбірленуші үй қызметкері.

Степанова бұл істі соңына дейін жеткізетінін, Емельяненконы қаматпай қоймайтынын айтады. "Ол мені зорлады және сол әрекетін телефонның бейнекамерасына жазды. Оны заң бойынша қатаң жазалау керек. Мен оны қатаң жазаға тартуды сұраймын. Айыптаушы қанша сұраса, оған сонша жыл беру керек"-дейді үй қызметшісі.

Үй қызметшісінің адвокаты шағым түскен сәтте полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етпегенін айтады. "Полина заңгерлерге жүгінген соң ғана қылмыстық іс қозғалды. Полиция істі әдейі созып жүріп алды. Олар оқиға орнына жедел барып, хаттама толтыруы және жедел тексеру іс-шараларын жүргізуі тиіс еді. Олар оны істемеген"-дейді Карабанов

Естеріңізге сала кетсек, 2 сәуір күні "үй қызметшісін зорлады" деген күдікпен Емельяненкоға іздеу жарияланған болатын. Алдын ала болжам бойынша, 3-ші сәуірге қараған түні Емельяненко үй тазалаушы әйелді зорлаған. Сонан соң, әйелдің сөмкесінен паспортын ұрлап алған. Алдын ала тексеру қортындысы бойынша Емельяненкоға «Жыныстық-зорлық әрекет жасады» және «Паспорт ұрлады» деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған болатын.

Алайда, Емельяненко тағылған айыпты мойындамай отыр. Емельяненконың адвокатының мәлімдеуінше, оның клиенті үй қызметкерімен жыныстық қатынасқа түскен болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, бірақ мас болғандықтан сол күні не жағдай болғанын білмейді.
 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети