08 сәуір 2015 | 13:17

Ескерткішті қорлап суретке түскені үшін ақтөбелік жігіттің үстінен шағым түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Vk.com @Vk.com

"Электрондық үкімет" порталына Ақтөбе қаласының тұрғыны Динара Букенбаевадан ескерткішті қорлап түсірілген сурет жайлы шағым келіп түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқырман ескерткіші 2006 жылы тілшілердің еңбегін бағалау мақсатында газет редакциясына қарама-қарсы орыннан ашылған екен. Ескерткіштегі адам мүсінінің қолында кітап бар. Бұзақы сол кітапқа отырып суретке түскен.

Иконка комментария блок соц сети

Ескерткішті қорлаған суретті Динара әлеуметтік желілердің бірінен көріп қалады. "Бұл менің наразылығымды тудырды. Ол ескерткішке мініп қана қоймай, суретке түскен. Менің білуімше, бұл әрекет заңға қайшы. Бүгін осылай ескерткіштің үстіне шығып алса, ертең ескерткішке не істейтінін ешкім білмейді. Келесіде Мәңгілік алауды бүлдіреді, батырлардың ескерткіштеріне де мінеді. Мен суреттегі жігіттің ісіне шара қолданылуын сұрап "Электрондық үкімет" порталы арқылы арыз бердім", - деді ол.

"Оған осы жасаған әрекеті үшін айыппұл салу керек немесе қоғамдық жұмыстарға тартылсын. Бұл оған сабақ болады", - деді арызданушы.

Еске салайық, осыған дейін Ақтауда  вандалдар ескерткішке фашистік таңба салып кеткенін хабарланған болатын. Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, вандализм үшін 100-500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу, 120-180 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру сияқты жаза қолданылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети