Градскийдің жесірін тонаған күдікті ұсталды - БАҚ

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Градскийдің жесірін тонаған күдікті ұсталды - БАҚ Фото: © ИЗВЕСТИЯ/Павел Волков, РИА Новости/Илья Питалев

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Александр Градскийдің жесірі Марина Коташенконы тонауға қатысы бар деген күдікпен бір адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Известия" сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Александр Градскийдің жесірі Марина Коташенконы тонауға қатысы бар деген күдікпен бір адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Известия" сайтына сілтеме жасап. 

БАҚ мәліметінше, жалпы үш адам шабуыл жасаған. Ұсталған адам базарда жұмыс істейтін Тәжікстан азаматы болып шықты. Тағы бір күдікті Қазақстанда жасырынғаны, үшіншісінің жеке басын анықтау мүмкін болмағаны айтылды. Коташенконың тонауды әдейі ұйымдастырғаны туралы нұсқа расталмады.

Бұған дейін Марина Коташенко қарақшылар құрбаны болғаны хабарланды. Қылмыскерлер Александр Градскийдің жесіріне жол апатын жасап, тұзаққа түсіріп, кейін оны тонап кеткен.

Оқиға қала шетінде болған. БАҚ мәліметінше, Марина Коташенко көлікпен келе жатқанда, кенет оған басқа көлік соқтығысқан. Әйел көліктен түскенде, оған үш ер адам шабуыл жасаған. Кейін олар әйелдің көлігіне отырып, қару кезеп, қорқыта бастаған. Олар Коташенконың үйіне қайтып барып, шамамен 100 миллион рубль алып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети