Ресейдің Хабаров өлкесінде бортында 17 адамы бар Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ресейдің Хабаров өлкесінде бортында 17 адамы бар Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Күш құрылымдарындағы ақпарат көзінің мәліметінше, тікұшақ апатқа ұшыраған кезде оның бортында экипаждың төрт мүшесі мен 13 жолаушы болған. Ми-8 тікұшағы "Аэровир" компаниясына тиесілі деп топшыланып отыр. Алдын ала мәлімет бойынша, әуе көлігі Чегдомын елді мекені ауданына құлаған. Ол - Хабаровскіден 390 шақырым жерде. Дегенмен құқық қорғау органдары бұл оқиғаны әлі ресми түрде растай қойған жоқ.
Еске сала кетейік, 31 мамыр күні Мурманск облысында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған болатын. Әртүрлі мәлімет бойынша онда 17 не 19 адам болған. Оның екеуі аман қалды. Қайтыс болғандардың арасында Мурманск облысы губернаторының орынбасары Сергей Скоморохов, облыстың экология министрі Алексей Смирнов бар. Тікұшақ жолаушылары Ресей президенті Владимир Путиннің сапарына дайындықпен айналысқан. Кейін тікұшақтың апатына жерден атқылау себеп болуы мүмкін деген жорамал айтылды.