Константин Эрнст. РИА Новости
Бірінші арнаның басшысы Константин Эрнст Земфираға қарсы сотқа арызданатынын жеткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Newsru.com сайтына сілтеме жасай отырып. Бұдан бұрын әнші Земфира Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатында өзінің орындауындағы әнді рұқсатсыз эфирден берді деп арнаны кінәлаған болатын. Бірінші арнаның бас директорының айтуынша Земфира бірнеше жыл бұрын Константин Эрнст басшылық еткен "Реал Рекордс" компаниясымен келісімшартын бұзған екен. Ол кезде Эрнст оны сотқа бермеген. Эрнст Земфираның осы жолғы арнаны кінәлауын Олимпиада аясында өзіне деген халықтың назарын аударту үшін жасалған әрекет деп отыр. Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатында Земфираның "Хочешь" деген әнінің ремиксі ойнатылған еді. "Бірінші арна ешқандай келісімшартсыз, рұқсатсыз менің әнімді пайдаланды. Бұл менің авторлық құқығымды бұзу", деп жазыпты Земфира өзінің жеке сайтына. Естеріңізге сала кетейік, Константин Эрнст салтанатты шараның сценарий авторы, бас продюсері болған еді.
Бірінші арнаның басшысы Константин Эрнст Земфираға қарсы сотқа арызданатынын жеткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Newsru.com сайтына сілтеме жасай отырып.
Бұдан бұрын әнші Земфира Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатында өзінің орындауындағы әнді рұқсатсыз эфирден берді деп арнаны кінәлаған болатын.
Бірінші арнаның бас директорының айтуынша Земфира бірнеше жыл бұрын Константин Эрнст басшылық еткен "Реал Рекордс" компаниясымен келісімшартын бұзған екен. Ол кезде Эрнст оны сотқа бермеген. Эрнст Земфираның осы жолғы арнаны кінәлауын Олимпиада аясында өзіне деген халықтың назарын аударту үшін жасалған әрекет деп отыр.
Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатында Земфираның "Хочешь" деген әнінің ремиксі ойнатылған еді. "Бірінші арна ешқандай келісімшартсыз, рұқсатсыз менің әнімді пайдаланды. Бұл менің авторлық құқығымды бұзу", деп жазыпты Земфира өзінің жеке сайтына. Естеріңізге сала кетейік, Константин Эрнст салтанатты шараның сценарий авторы, бас продюсері болған еді.