Мәскеуде Украинаның 10 метрлік туын Кремль жанындағы Үлкен Тас көпірге орнатпақ болған бес адам ұсталды, - деп хабарлайды "ОВД-Инфо".
Мәскеуде Украинаның 10 метрлік туын Кремль жанындағы Үлкен Тас көпірге орнатпақ болған бес адам ұсталды, - деп хабарлайды "ОВД-Инфо".
"Екатерина Рыжова, Ольга Фалеева, Николай Глухин, Валерий Надеждин, мен Павел Кузнецовтар Үлкен Тас көпірге Украина туын ілмек болған кезде қолға түсті. Бесеуі де Замоскворечье ішкі істер бөліміне жеткізілді", - делінген хабарламада. Оқиғаның жай-жапсары әзірше белгісіз.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәскеудегі сталиндік биік ғимараттардың біріне Украинаның туы ілінгені хабарланған болатын. 20 тамызға қараған түні Котельнический жағалауындағы тұрғын үй жұлдызының жартысын әлдекімдер көк-сары түске бояп, Украина туын іліп кеткен еді. Мәскеу полициясына сталиндік биік ғимараты бар көшеде болған адамдардың бәрін тексеру тапсырылды.
Кейін шатырға өрмелеуші украин Григорий Mustang Wanted биік үй төбесіндегі сары түсті жұлдызды бояп, оның басына Украинаның туын ілгенін мойындады. Бұл іс бойынша екі жігіт пен екі қыз да жауапкершілікке тартылады, олар мұнарадан төмен қарай парашютпен түскен. "Бұзақылық" бабы бойынша мұндай әрекетке жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.