Ресей сыртқы істер министрлігі Украина әуесінен атып түсірілген малайзиялық Boeing апатына Ресей және оның президенті Владимир Путинді тікелей айыптаған Ақ үйге қаратып қатаң мәлімдеме жасап, жауап қайырды. Өз мәлімдемесін ведомства сенбі күні өз сайтында жариялаған.
Ресей сыртқы істер министрлігі Украина әуесінен атып түсірілген малайзиялық Boeing апатына Ресей және оның президенті Владимир Путинді тікелей айыптаған Ақ үйге қаратып қатаң мәлімдеме жасап, жауап қайырды. Өз мәлімдемесін ведомства сенбі күні өз сайтында жариялаған.
РФ СІМ АҚШ әкімшілігі "өз сыртқы саясатын жүргізуде ашықтан ашық өтірікке көп жүгінеді" деп санайды. Министрлік сонымен қатар Вашингтон дәлел келтірмек түгілі, қарап және пікір білдіру үшін жәй фактілерді де ұсына алмайды деп атап өтеді.
"Ақ үйдегілердің барлығы қандай да бір алға тарту мүмкін емес "барлау мәліметін" сөз етумен ғана шектеледі. Басқаша айтқанда, Вашингтон режимі өз құрылымында интернеттен теріліп алынған еш шындыққа сай келмейтін долбарға сүйенеді. Қазір желіні қоқыстаумен айналысатын кім екендігі түсінікті: баяғы сол Вашингтон, мүмкін арасында Киев те бар" делінеді мәлімдемеде.
Ресейлік СІМ пікірі бойынша, америкалық тарап өз пайымдары мен жобаларынан басқа ақылға қонымды дүниелерден өзін оқшау ұстайды. "Кінәлілерді" атамастан бұрын АҚШ-қа Ресей қорғаныс министрлігінің 10 сауалына және Росавиация тарапынан жіктеліп алынған 28 сауалға жауап беруі керек еді. Вашингтон неге үнсіз? Өйткені беретін жауаптары жоқ секілді. Немесе жауаптың барлығы бір сөздің - "санкцияның" маңайына топтасатын болғандықтан да шығар" дейді РФ СІМ.
"Бір мезгілде АҚШ Киевті орыстілді аумақты күштеп басып-жаншуға итермелеуі, әрине өкінішті" делінеді ведомства жауабында.
Соңында Ресей СІМ "Барак Обама әкімшілігі Украинаның ішкі шиеленісіне және оның ауыр салдарына жауапты" деген қорытынды келтіреді.
Еске сала кетелік, сенбі күні Құрама Штаттары Мәскеудің шымбайына бататын мәлімдеме жасады."Бізге Malaysia Airlines компаниясының ұшағы "жер-ауа" сыныбындағы зымыранмен атып түсірілгендігі белгілі. Ол сепаратистер бақылайтын аймақтан атылған, ал бұл мезетте украин әскері зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін қолданбаған. Міне,осы себепті біз Владимир Путин және Ресей аталған трагедияға кінәлі деп санаймыз. Орыстар өздері атты, олар кімдерді жаттықтырған, бұл осымен бірдей нәрсе. Барлық із-таңба Владимир Путинге әкеледі" деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест. 300-ге жуық адам қаза болған ұшақ апаты оқиғасынан соң АҚШ-тың жасап тұрған бұл ең қатаң мәлімдемесі.
Ресей мен Владимир Путинге қарсы тура осындай айыппен АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтон мәлімдеме жасаған.
Осыған байланысты Вашингтон Мәскеуге қарсы қосымша санкция енгізу үшін Еуропалық одақпен және "үлкен жетілікпен" жұмысын жаңғыртады.