29 наурыз 2014 | 17:40

Қырымның алғашқы 15 мың тұрғыны Ресейдің төлқұжатын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Ресейдің Федералдық көші-қон қызметінде Қырым азаматтарына берілетін 50 мыңға жуық төлқұжат рәсімделіп жатыр деп хабарлайды "РИА Новости" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Федералдық көші-қон қызметінде Қырым азаматтарына берілетін 50 мыңға жуық төлқұжат рәсімделіп жатыр деп хабарлайды "РИА Новости" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгінгі таңда 50 мыңға жуық төлқұжат рәсімдеуде жатыр, ал 15 мыңдай төлқұжат рәсімделіп болып, азаматтарға берілді", - деп хабарлады көші-қон қызметінің өкілдері.

Еске сала кетейік, 16 наурызда Қырымда аймақтың мәртебесін айқындау мақсатындағы референдум өткен еді. Онда азаматтарға екі сұрақ қойылды: "Қырымның Ресейге РФ субъектісі ретінде қосылуын қолдайсыз ба?" және "Қырым Республикасының 1992 жылғы конституциясының күшін қайтаруды және оның Украинаның бөлігі ретіндегі мәртебесін қолдайсыз ба?". Референдум ешқандай жанжалсыз тыныш өтті. Оның нәтижесіне қарағанда, дауыс бергендердің 96,77%-ы түбектің Ресей Федерациясы құрамына қосылуын қолдаған. 18 наурыз күні РФ Мемлекеттік думасы мен Федерация кеңесі Қырым мен Севастопольді Ресейге қосу туралы шартты мақұлдады. Сөйтіп, Ресейдің екі жаңа субъектісінің құрылуы туралы конституциялық заң қабылданды. Осыдан кейін Қырым тұрғындарына РФ төлқұжатын беру басталған болатын.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети