Лавров: Қазақстан басшылығы дана саясат жүргізіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лавров: Қазақстан басшылығы дана саясат жүргізіп отыр Сергей Лавров. ©РИА Новости

РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің Қырымға қатысты саясаты мен Қазақстанға көзқарасын байланыстырудың қажеті жоқ деп есептейді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің Қырымға қатысты саясаты мен Қазақстанға көзқарасын байланыстырудың қажеті жоқ деп есептейді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. 

"Қырымдықтар торыққан жағдайға түскен болатын, олардың Ресейге қосылып, өз халқын құтқарып қалудан басқа амалы болмаған еді. Басқа сәйкестіктер келтіру әбден орынсыз. Біз Қазақстан басшылығының өз халқын ойлай отырып, қаншалықты таразыланған, қаншалықты дана әрі жауапты саясат жүргізіп жатқанын білеміз", - деді Лавров.

Ресейдің Сыртқы істер министрі Жириновский мен Лимоновтың Қазақстанға қатысты пікірлері жөнінде де түсінік берді. Владимир Жириновский "Россия 24" телеарнасының тікелей эфирінде Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігін жою керектігін айтса, Эдуард Лимонов Facebook-те Ресей Үкіметінің Украина дағдарысы мен Қазақстандағы девальвацияны ескере отырып, бұл елдердің жекелеген бөліктеріне аннексия жасауы керектігін жазған болатын.

Лавров бұл саясаткерлердің пікірі үшін ұялатынын мәлімдеді. "Мен бұл жол берілмейтін әрекеттер деп есептеймін. Бір ғана нәрсе айтайын - біздің заңдарымызға сәйкес, Ресейдің ұстанымын президент, премьер және сыртқы істер министрі ғана білдіре алады. Ресейдің сыртқы саясатына жауап беретін және оны жүргізетін ресми тұлғалардың аузынан аталған кейіпкерлер айтқан сөздерді ешқашан естімейсіздер", - деді ол.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети