Лавров: Санкциялар Ресейдің Украина бойынша ұстанымын өзгерте алмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лавров: Санкциялар Ресейдің Украина бойынша ұстанымын өзгерте алмайды Сергей Лавров. ©Tengrinews.kz

Батыстың санкцияларының әсерінен Ресей өзінің Украинаға қатысты ұстанымын өзгертпейді. Бұл туралы РФ СІМ басшысы Сергей Лавров Bloomberg-ке берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды "Газета.Ru".

"Біз көзқарасымызды өзгерткелі жатқан жоқпыз. Ұстанымымыз әділ деп есептейміз. Біз бәрінен бұрын украин халқы туралы ойлаймыз", - деді Лавров.

Ол санкциялар жөнінде мүлдем алаңдамайтынын айтты. "Біз, әрине, оны бастан өткереміз. Сонымен бірге, берілмейміз де, бұған сізді сендіргім келеді", - деді Сыртқы істер министрі.

Бұған дейін Сергей Лавров Ресейдің АҚШ-пен тек спортта ғана бәсекелесетінін мәлімдеген болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 506.7  course down  594.97  course up  6.53  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети