Марат Тәжин Ресей президентіне сенім грамотасын табыстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Тәжин Ресей президентіне сенім грамотасын табыстады Марат Тәжин Владимир Путинге сенім грамотасын табыс етуде

Ресейдегі Қазақстан елшісі Марат Тәжин Ресей президенті Владимир Путинге сенім грамотасын тапсырды. Дипломатиялық құжатты табыстау рәсімі Мәскеудегі Кремльдің үлкен сарайында өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдегі Қазақстан елшісі Марат Тәжин Ресей президенті Владимир Путинге сенім грамотасын тапсырды. Дипломатиялық құжатты табыстау рәсімі Мәскеудегі Кремльдің үлкен сарайында өтті.

"Қазақстан Республикасы - біздің басты әріптесіміз және стратегиялық одақтасымыз. Екі жақты және халықаралық күн тәртібіндегі барлық сала бойынша Қазақстанмен өзара қарым-қатынасымыздағы ашықтық пен сенімділікті жоғары бағалаймыз. Ресей мен Қазақстан арасындағы келісімде айқындалып көрсетілгендей, ХХІ ғасырдағы тату көрші және одақтастық бойынша Астанамен барлық бағытта әріптестікті өрістетуге мүдделіміз. Біздің ортақ мүддеміз еуразиялық интеграция процестерін алға жылжытуда, 2015 жылдың 1 қаңтарында іске кірісетін Еуразиялық экономикалық одақты құруда тоқайласады" - деді өз сөзінде Ресей президенті.

Владимир Путин шетел мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан өкілі де бар ресми шарада Ресейдің басты әріптестік бағыттарына қысқаша тоқталды. Ресей президенті диалог пен әріптестікті ары қарай жылжытуға, сондай-ақ осы бағытта барлық мүмкіндікті пайдалануға мүдделі екендігін де айтты.

Сенім грамоталары - бір елдің дипломатиялық басшысына куәлік ететін және шет мемлекетте аккредитацияланғанын білдіретін құжат. Сенім грамотасына дипломатиялық өкілді белгілеген мемлекет басшысы қол қояды, сөйтіп ол сыртқы істер министрі қолымен бекітіледі. Ол елші барған мемлекеттің басшысына салтанатты түрде табыс етіледі. Құжатта өз мемлекетінің басшысы және үкіметі атынан елші айтқан сөздерге сенім білдіру керектігі сұралады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети