Ресей АҚШ-тың, Еуроодақтың, және Канаданың санкциялық тізімді қайыра толықтыруына қатысты шаралар қабылдауда, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы.
Ресей АҚШ-тың, Еуроодақтың, және Канаданың санкциялық тізімді қайыра толықтыруына қатысты шаралар қабылдауда, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы.
Ресейдің Сыртқы істер министрі Александр Лукашевич мәлімдеп отырғандай бұған дейін Ресейдің бірқатар шенеуніктеріне АҚШ пен Канаданың заңдарына сай санкция жарияланған. Ал Ресейдің өзіне санкциялық шектеу жарияланбайтынын елдің сыртқы істер министрлігі ашық айтқан болатын.
Ал қазір бірқатар Батыс елдері АҚШ-тың санкциясынан үлгі алып Ресей тарапына жарияланып отырған санкциялар тізімін ұлғайтты. Санкция тізіміне тағы да қосымша шенеуніктер қосылды. "Мұндай әрекеттер жауапсыз қалмауы тиіс. Бұған байланысты Ресей тарапы да өзіндік жауапты шараларға барады" - дейді Александр Лукашевич.
Айта кету керек, Ресей бұған дейін АҚШ-тың санкциясына жауап ретінде өз аумағына енетін бірқатар америкалық азаматтарға шектеу енгізген болатын. Ал қазір БАҚ өкілдерінің ақпараттарына сүйенсек, Ресей "қара тізімге" ілінгендердің атын әйгілеп, түрін түстемейді. Қара тізімге ілінгендер тек Ресей аумағына енгенде ғана өздеріне санкция салынғанын білетін болады.
Еске салайық, 16 наурызда Қырымның мәртебесін анықтауға қатысты референдум өткізіліп, соның нәтижесінде Қырым тұрғындарының басым бөлігі Ресейге қосылуды қолдап дауыс берген болатын. Артынша Ресей президенті Владимр Путин мен Қырым басшысы және Севастополь мэрі Қырым мен Севастопольді Ресей Федерациясының құрамына қабылдау туралы келісімшартқа қол қойды.
Бұдан кейін АҚШ пен Еуроодақ Ресейге санкция енгізді. Ал Ресей оған жауап ретінде бірқатар АҚШ азаматтарының Ресейге енуіне тыйым салғанын біз жоғарыда айттық. Бұл аралықта АҚШ санкция тізімін тағы да ұзартып, тізім қатарына Ресейдің тағы да 20 шенеунігі мен кәсіпкерлерін және парламент мүшелерін енгізіп қойды. Енді бұл санкция тізімінің ұзартылуына қатысты Ресей де өз тарапынан жауап ретінде бірқатар шараларға баруды ұйғарып отыр.