16 шілде 2014 14:01

Мәскеу метросындағы апатқа сапасыз механизм себеп болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Мәскеу метросындағы апатқа жол бұрушы механизмнің сапасыздығы себеп болған, - деп хабарлайды РИА Новости


Мәскеу метросындағы апатқа жол бұрушы механизмнің сапасыздығы себеп болған, - деп хабарлайды РИА Новости

Ресей Тергеу комитетінің мәліметінше, жұмысшылардың салғырттығы вагондардың рельстен шығып кетуіне әкеліп соқты, апат салдарынан 22 адам қайтыс болды.

Құқық қорғау органдары өкілдерінің пікірінше, Мәскеу метросындағы жұмыстар талапқа сай жүргізілмеген. "Жол бұрушы механизм - 3 миллиметрлік сым, ол үзіліп кеткен. Бұл электр пойыздардың рельстен шығып кетуіне соқтырған", - дейді РФ ТК ресми өкілі Владимир Маркин. Апатқа күдіктілердің қаатрында әзірше жұмысты орындаған адамдар бар. Бірақ тергеушілер метроның қауіпсіздікке жауапты жетекші звеносының лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тартуды көздеп отыр.

Қазірдің өзінде "Мәскеу метрополитені" мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының жол шебері Валерий Башкатов пен жол шеберінің көмекшісі Юрий Гордов ұсталған. Еске сала кетейік, 15 шілде Мәскеу метросының "Парк Победы" және "Славянский бульвар" станциялары аралығында ірі апат болды. Электр пойыз оқыс тоқтаған кезде үш вагон рельстен тайып кетті. 22 адам қайтыс болды, олардың арасында шетелдіктер де болды, бірақ еліміздің Сыртқы істер министрлігі қаза болғандар арасында қазақстандықтардың жоқ екенін хабарлады. Апат салдарынан 129 адам ауруханаға түсті, олардың 42-сінің жағдайы ауыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети