Мәскеуде БТА банкі ісі бойынша Әблязовтің сыбайласы ұсталды

viewings icon 276 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Александр Поткин. Фото ©Сергей Михеев/"Коммерсантъ" Александр Поткин. Фото ©Сергей Михеев/"Коммерсантъ"

Кезінде Мұхтар Әблязов басқарған БТА банкі салымшылары қаражатын жымқыру туралы іс бойынша Мәскеуде белгілі националист, Заңсыз иммиграцияға қарсы қозғалыстың (ЗИҚҚ) бұрынғы жетекшісі Александр Поткин (Белов) ұсталды, - деп жазады "Коммерсантъ". Поткин 15 қазан күні "Интурист Коломенское" қонақүйінде қолға түсті. Нөмірді тексеру кезінде түрлі қаржы құжаттары мен әдебиеттер табылып, тәркіленді, полиция бұларды экстремистік материал деп отыр.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Кезінде Мұхтар Әблязов басқарған БТА банкі салымшылары қаражатын жымқыру туралы іс бойынша Мәскеуде белгілі националист, Заңсыз иммиграцияға қарсы қозғалыстың (ЗИҚҚ) бұрынғы жетекшісі Александр Поткин (Белов) ұсталды, - деп жазады "Коммерсантъ". Поткин 15 қазан күні "Интурист Коломенское" қонақүйінде қолға түсті. Нөмірді тексеру кезінде түрлі қаржы құжаттары мен әдебиеттер табылып, тәркіленді, полиция бұларды экстремистік материал деп отыр.

Тергеудің мәліметінше, Поткин Мәскеуде Мұхтар Әблязовтің мүддесін қорғаған. БТА банкінің бұрынғы басшысының тапсырмаларын орындай отырып, ЗИҚҚ-тің бұрынғы басшысы банктен алынған мүлікті, атап айтқанда, Домодедово ауданындағы 2,49 гектар жер телімін басқарып, заңдастырған. 

Поткин Әблязовпен 2011 жылы танысқан, әуеліде ол БТА банкінің бұрынғы басшысына Қазақстанда ұлтшыл күштердің өсуімен байланысты ахуалға қатысты түрлі әлеуметтік зерттеу жүргізуге жалданған. Сонымен бірге, бұрынғы банкирдің тапсырмасымен Поткин Әблязов жергілікті билікке қарсы қолданған Қазақстандағы ұлтшылдық қозғалыс жетекшілерімен өзара байланыста жұмыс істеуі керек болады. Сондай-ақ ЗИҚҚ экс-жетекшісі Мұхтар Әблязов қаржыландырған оппозициялық телеарналарға жабдық сатып алып беруге және журналистерді іріктеуге қатысқан.

Ұсталған адам БТА банкінің бұрынғы қожайынының Ресейде орналасқан медиалық активтерімен бірге басқа да меншіктерін басқарған. Жедел қызметкерлердің мәліметінше, Поткиннің жұмысын Әблязовтің жақын серіктестері - оның күйеу баласы әрі Алматының бұрынғы әкімі Храпуновтың ұлы - Ілияс пен бір кездері БТА банкінде жетекші лауазымдарды атқарған Ботагөз Жәрдемәлі қатаң бақылап отырған.

Еске сала кетейік, Қазақстанда БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов алты миллиард доллардан астам сомаға қаржылық алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Ол 2013 жылдың 31 шілдесінде Францияда ұсталды. Содан бері қамауда отыр. Француз әділет органдары Әблязовтің бостандыққа шығу туралы өтінішін бірнеше рет қабылдамай тастады. Алғашқы инстанциядағы сот бизнесменді Ресейге экстрадициялауға шешім шығарды, бірақ алғашқы процесте жіберілген заңбұзушылыққа байланысты іс қайта қарауға қалдырылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
10°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro