«Мәскеуде медицина қызметкерлері наразылық акциясына шықты», деп хабарлайды РИА Новости. Медицина қызметкерлерінің мәскеулік денсаулық сақтаусаласын қайта құруға қарсы бұл марштары Ресей астанасындағы Самотечный алаңында басталған.
Шеруге шыққан жұртшылықтың алдыңғы шебінде дәрігерлер тұрса, олардан кейін білім саласы өкілдері бас көтеруде. Наразылық танытушылардың қолдарында «Біздің денсаулығымыздан ақша табуды тоқтатыңдар!», «Русьте емделген кімге жақсы?», «Дәрігерлер мен науқастар бірігіңдер!» деген ұрандар жазылған плакаттар бар. Тағы бір айтарлығы, шеруде жүрген кәсіподақ ұйымдары өкілдеріне қарағанда, саяси партиялардан қатысып жүргендердің саны басым.
Қоғамда үлкен дау тудырған мәскеулік денсаулық сақтау саласын қайта құру туралы қауесет БАҚ-тарда осы жылдың қазан айының басында тарап кеткен еді. Онда әйелдер босанатын бірнеше аурухана жабылып,керісінше көпсалалы мед орталықтар дамиды делінген. Ал пайда көп тауып отырған медициналық мекемелердегі тар көлемді мамандарды қала есебінен сұранысқа ие мамандыққа қайта даярлау көзделген болатын.
Құқық қорғау органы мәліметіне қарағанда, шеруге қатысушылардың саны екі мыңға жуық. Естеріңізге сала кетейік, бұл наразылық акциясы Мәскеу мэриясымен келісіліп өткізіліп отыр. Ал маршты ұйымдастыруға қарсы тарап – «Лайықты медицинаны бірге қолдайық!» қозғалысы мен Ресейдің еңбек Конфередациясы қолдау көрсетіп отырған медицина қызметкерлерінің «Әрекет» кәсіподақ ұйымы.