Мәскеуде Қырымның Ресейге қосылуына 3000 адам наразылық білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде Қырымның Ресейге қосылуына 3000 адам наразылық білдірді Фотосурет Snob.ru сайтынан.

Мәскеуде соғысқа қарсы келісілген шеру өтіп жатыр, - деп хабарлайды "Сноб". Ал "РИА Новости"-дің мәліметінше, шеруге барлығы 18 мыңдай адам қатысып жатыр. "Қырымды қолдап, фашизмге қарсылық білдірген шеруге 15 мыңға жуық адам келді. Қырымның Ресейге қосылуына қарсылық білдірген шеруге үш мыңға жуық адам жиналды", - делінген астаналық ішкі істер бас басқармасының хабарламасында. Айта кетейік, ертең, 16 наурызда Қырымда түбектің саяси-әкімшілік мәртебесіне қатысты референдум өтуі тиіс. Онда азаматтардан Қырымның Ресейге қосылуына және Қырым Республикасының 1992 жылғы Конституциясын қалпына келтіруге көзқарасы сұралады. Украина мен Ресей тұрғындары арасында бұл референдумды қолдаушылар да, оған үзілді-кесілді қарсылар да көп. Еске салайық, 22 ақпанда Украинада жаппай тәртіпсіздіктердің соңы Жоғарғы Раданың ел президентін биліктен аластатуына әкеліп соққан еді. Заң шығарушы орган Виктор Януковичті президенттік құзырынан айырып, оның міндеттерін уақытша атқаруды Александр Турчиновқа тапсырған болатын. Украинаның шығысы мен оңтүстігі және Қырым халқы Жоғарғы Раданың шешімін және жалпы мемлекетке жаңа биліктің келуін мойындамады, сөйтіп, аталған аймақтардың, соның ішінде, Қырымның кейінгі тағдырына қатысты референдум өткізу туралы шешім шығарылды. Бұған дейін РФ Федерация кеңесінің Ресей басшысы Владимир Путиннің Украинадағы ахуал қалпына келгенше ел аумағына әскер кіргізу туралы ұсынысының мақұлданғанын да еске сала кеткен жөн.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети