Юрий Лужков. ©РИА Новости
Мәскеу қаласының бұрынғы мэрі Юрий Лужков Сочи Олимпиадасын сынға алды деп хабарлайды Tengrinews.kz ВВС-тің орыс қызметіне сілтеме жасап. Ақпарат құралының хабарлауынша, Лужков әйелі Елена Батуринамен бірге Сочи Олимпиадасының ашылуына келген. Ол Ойындардың ашылу салтанатына "екі жыл бұрынғы Лондон салтанатының көшірмесі" деп баға берді. Экс-мэр Олимпиаданың шығынына қатысты да ойын білдірді. "Осыншама миллиардты жұмсау Ресей үшін жетістік емес" деді ол. Лужковтың пікірінше, Ресей билігі Сочи халқынан кешірім сұрауы тиіс. Себебі Олимпиада нысандары салынған бірнеше жыл ішінде тұрғындар өте күрделі жағдайда өмір сүруге мәжбүр болды. Солай дегенімен, Мәскеудің бұрынғы басшысы Олимпиада нысандарынан жақсы әсер алғанын айтты. Айта кетейік, Сочи-2014 Олимпиадасы 7 ақпан күні салтанатты жағдайда ашылған болатын. Бұл шараны "Фишт" стадионында тамашалауға 44 мемлекеттің басшысы, оның ішінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та келді. Ойындар ақпанның 23-іне дейін өтеді. Жылдың басты спорт бәсекесінде 88 мемлекеттің 2800-ден астам спортшысы 98 медаль жиынтығы бойынша бақ сынап жатыр. Ойындардың алғашқы күндерінің нәтижесі бойынша медаль кестесінде Норвегия, Нидерланды мен АҚШ көш бастап келеді.
Мәскеу қаласының бұрынғы мэрі Юрий Лужков Сочи Олимпиадасын сынға алды деп хабарлайды Tengrinews.kz ВВС-тің орыс қызметіне сілтеме жасап.
Ақпарат құралының хабарлауынша, Лужков әйелі Елена Батуринамен бірге Сочи Олимпиадасының ашылуына келген. Ол Ойындардың ашылу салтанатына "екі жыл бұрынғы Лондон салтанатының көшірмесі" деп баға берді. Экс-мэр Олимпиаданың шығынына қатысты да ойын білдірді. "Осыншама миллиардты жұмсау Ресей үшін жетістік емес" деді ол.
Лужковтың пікірінше, Ресей билігі Сочи халқынан кешірім сұрауы тиіс. Себебі Олимпиада нысандары салынған бірнеше жыл ішінде тұрғындар өте күрделі жағдайда өмір сүруге мәжбүр болды. Солай дегенімен, Мәскеудің бұрынғы басшысы Олимпиада нысандарынан жақсы әсер алғанын айтты.
Айта кетейік, Сочи-2014 Олимпиадасы 7 ақпан күні салтанатты жағдайда ашылған болатын. Бұл шараны "Фишт" стадионында тамашалауға 44 мемлекеттің басшысы, оның ішінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та келді. Ойындар ақпанның 23-іне дейін өтеді. Жылдың басты спорт бәсекесінде 88 мемлекеттің 2800-ден астам спортшысы 98 медаль жиынтығы бойынша бақ сынап жатыр. Ойындардың алғашқы күндерінің нәтижесі бойынша медаль кестесінде Норвегия, Нидерланды мен АҚШ көш бастап келеді.