17 желтоқсан 2014 | 19:54

Медведев рубль бағамына қатысты пікірін білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дмитрий Медведев. ©РИА Новости Дмитрий Медведев. ©РИА Новости

Валюталардың рубльге қатысты бағамы РФ экономикасына қолайлы деңгейден негізсіз түрде шығып кетті, азаматтарға доллар мен евроны қазіргі бағамы бойынша сатып алу тиімсіз болып тұр. Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев осылай деп мәлімдеді, бұл туралы РИА Новости хабарлайды. 


Иконка комментария блок соц сети

Валюталардың рубльге қатысты бағамы РФ экономикасына қолайлы деңгейден негізсіз түрде шығып кетті, азаматтарға доллар мен евроны қазіргі бағамы бойынша сатып алу тиімсіз болып тұр. Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев осылай деп мәлімдеді, бұл туралы РИА Новости хабарлайды. 

"Соңғы бірнеше күн ішінде біздің айырбас пункттерінен көріп отырған цифрларымыз объектив көрініске сәйкес келмейді және экономика үшін ыңғайлы деңгейден негізсіз түрде шығып кетті", - деді Медведев үкімет мүшелерімен және ірі компания басшыларымен бірге өткен кеңесте.

"Мұндай жағдайда валюталарды сатып алуға қатысты қауіптену түсінікті, бірақ сонымен бірге біз бұл жағдайда валюталарды сатып алу оларды тиімсіз бағам бойынша сатып алу екенін ескеруіміз керек", - деді Ресей премьер-министрі.

Медведев мұнай бағасының төмендеуі мен батыс санкцияларының рубль бағамына кері әсер етіп жатқанын айтты. "Әрине, біз бәріне белгілі, бірақ біздің елдің әрекетіне байланысты емес екі негізгі факторға тәуелді мәселелерге және сын-қатерлерге кезігіп отырмыз. Бұл - мұнай мен басқа да бірқатар шикізат тауарлар бағасының созылмалы түрде төмендеуі және жағымсыз сыртқы саяси әсер. Мен санкцияларды айтып тұрмын. Біздің банктер мен компаниялардың бұрынғы қаржы нарықтары түгел жабылды. Әрине, рубль бұған әрекет ете алмай тұрмайды", - деді ол. 

Айта кетейік, кеше, 16 желтоқсан күні доллар бағамы тарихта тұңғыш рет 80 рубль, ал евро 100 рубль деген шешуші деңгейден асқан болатын. Мәскеу уақыты бойынша сағат 19.00-дағы мәліметке қарағанда, бір доллар 67,66 рубль, евро 84,5 рубль деңгейінде саудаланған. Мұның алдында рубль бағамының бивалюталық себетте 1998 жылдан бері тұңғыш рет күшті құлдырауды бастан өткергені хабарланған болатын. Бағам 10 пайызға төмендеді. Бір күн ішінде валюталар алты рубльге жоғарылап кетті. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети