Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Назарбаев Путин және Лукашенкомен Украина жағдайын талқылады

04 Наурыз 2014, 10:14
0
Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған
Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған
"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путин және Белорусь президенті Александр Лукашенкомен Украинадағы жағдайды талқылады" деп хабарлайды Tengrinews.kz Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, телефон арқылы сөйлесу кезінде Украинадағы дағдарыс жағдайы, оның ішінде Қырым жене елдің шығыс аймақтарындағы орыс тілді тұрғындардың өмірі мен заңды мүддесіне төнген қауіп мәселесі талқыланған. "Күрделі болып тұрған қоғамдық-саяси жағдайдың экономикалық және гуманитарлық зардабы болуы мүмкін екені Жоғарғы Еуропалық экономикалық кеңес елдерінің алаңдаушылығын туғызып отыр. Мемленкет басшылары тығыз байланыста болуға уағдаласты" делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапармен Ресейге баратыны хабарланған болатын. Ресми сапар 10-11-ші наурызға жоспарланған. Жоғарғы деңгейдегі келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынас және актуальді халықаралық мәселелер бойынша шешуші сауалдар талқыланады деп болжануда.

Естеріңізге салсақ, 22 ақпанда Украина Жоғарғы Радасы президент Виктор Януковичті қызметінен кетіріп, мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді 25 мамырға белгілеген болатын. Соңынан Дондағы-Ростовта өткен баспасөз конференциясында Янукович өзінің өміріне қауіп төнген соң Украинадан кетуге мәжбүр болғанын, өзінің әлі де заңды президент екенін мәлімдеген еді. Ал, Ресей тарапы Украина Жоғарғы Радасының шешімі легитимді екеніне күмәнмен қарайды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай