Назарбаев Путин және Лукашенкомен Украина жағдайын талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Путин және Лукашенкомен Украина жағдайын талқылады Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған

"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путин және Белорусь президенті Александр Лукашенкомен Украинадағы жағдайды талқылады" деп хабарлайды Tengrinews.kz Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің мәліметінше, телефон арқылы сөйлесу кезінде Украинадағы дағдарыс жағдайы, оның ішінде Қырым жене елдің шығыс аймақтарындағы орыс тілді тұрғындардың өмірі мен заңды мүддесіне төнген қауіп мәселесі талқыланған. "Күрделі болып тұрған қоғамдық-саяси жағдайдың экономикалық және гуманитарлық зардабы болуы мүмкін екені Жоғарғы Еуропалық экономикалық кеңес елдерінің алаңдаушылығын туғызып отыр. Мемленкет басшылары тығыз байланыста болуға уағдаласты" делінген хабарламада. Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапармен Ресейге баратыны хабарланған болатын. Ресми сапар 10-11-ші наурызға жоспарланған. Жоғарғы деңгейдегі келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынас және актуальді халықаралық мәселелер бойынша шешуші сауалдар талқыланады деп болжануда. Естеріңізге салсақ, 22 ақпанда Украина Жоғарғы Радасы президент Виктор Януковичті қызметінен кетіріп, мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді 25 мамырға белгілеген болатын. Соңынан Дондағы-Ростовта өткен баспасөз конференциясында Янукович өзінің өміріне қауіп төнген соң Украинадан кетуге мәжбүр болғанын, өзінің әлі де заңды президент екенін мәлімдеген еді. Ал, Ресей тарапы Украина Жоғарғы Радасының шешімі легитимді екеніне күмәнмен қарайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети