Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы Украинадағы жағдайды талқылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы Украинадағы жағдайды талқылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі Мемлекет Басшысы күннен күнге күрделене түскен жағдайдан шығудың жолдарын талқылап, өзара пікір алмасты. Осы орайда, Назарбаев әйелдер мен балалар секілді бейбіт тұрғындардың қаза болуына байланысты алаңдаушылық білдіріп, араздасушы тараптардың қақтығыстарды тоқтата отырып, Украинадағы жағдайға байланысты бейбіт келісімдер басталатынына сенім артты.
Одан бөлек, екі елдің көшбасшылары екі ел арасындағы ынтымақтастық жайын сөз етіп, Еуразиялық экономикалық одақ қызметін дамыту, сондай-ақ, қыркүйек айына жоспарланып отырған жоғарғы деңгейдегі кездесуге дайындық жұмыстарын пысықтады.
Кремльдің баспасөз қызметі хабарлағанындай, екі ел Басшылары арасындағы әңгіме қазақстандық тараптың ұсынысымен жүзеге асқан. "Әңгіме барысында Қазақстан мен Ресейдің одақтас ретінде ықпалдасу мәселелері жан-жақты талқыға салынып, Украинадағы қазіргі жағдай да әңгіме өзегіне айналды. Одан бөлек, екі елдің ықпалдасу жоспарларының болашағы да талқыға салынды", - делінген Кремль таратқан мәліметте.