"Ресей президенті Владимир Путин Қырымда референдум өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектескен әскерилерді марапаттайды. Ол әскерилердің ата-жөні құпия ұсталады" - деп хабарлайды Tengrinews.kz РБК телеарнасына сілтеме жасап.
"Ресей президенті Владимир Путин Қырымда референдум өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектескен әскерилерді марапаттайды. Ол әскерилердің ата-жөні құпия ұсталады" - деп хабарлайды Tengrinews.kz РБК телеарнасына сілтеме жасап.
Путин референдум қорытындысына Қырымда Ресей әскерлерінің болуы ықпал етті деген пікірмен келіспейтінін айтады. "Егер біз шыншыл және әділ болсақ, бәрімізге де халықты автоматпен қорқытып, дауыс беруге апару мүмкін емес екені түсікті болар еді. Ал, қатысқандар - 83 пайыз" - дейді президент.
Естеріңізге сала кетсек, референдумға қатысушылардың 97 пайызы Қырым мен Севастопольдің Ресейге қосылуына дауыс берген болатын.
Сондай-ақ, Путин, референдум кезінде Ресей әскерлерінің Қырымда болуын Солтүстік Кавказ республикаларындағы контртеррорлық іс-қимылдармен салыстыру жаңсақтық екенін айтты. "Екеуінің айырмасы үлкен, Солтүстік Кавказда біз халықаралық лаңкестік басқыншылықпен бетпе-бет келдік. Олар шетелдіктер қарумен жабдықтап отырған, арнайы жасақталған банда болатын" - деді Путин.
Президент Ресейдің Украина экономикасының құлдарауын қаламайтынын, Еуропаны дағдарыстан шығуға көмектесуге шақыратынын айтты. Сондай-ақ, Путин Ресей мен Батыстың арасындағы қарым-қатынасқа кедергі болатын ештеңе жоқ екенін жеткізді. Путин, "болашақ НАТО хатшысы Йенса Столтенберг жауапты адам және онымен жеке қарым-қатынасымыз түзу болады" деп есептейді.