Фото: Instagram / damedvedev
Ресей Президенті Владимир Путин мен Премьер-Министр Дмитрий Медведев Сочиде тау шаңғысын тепті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Медведев Мемлекет Басшысымен Сочидегі демалыс орындарында бірге түскен фотосуреттерді өзінің Instagram парақшасында "Сочи 2014. Горные лыжи:-)", деп айдар тағып жариялапты. Атап өтейік, Сочи Олимпиадасының ашылу салтанаты өтіп жатқанда Медведевтің ұйықтап қалғанын бірнеше БАҚ өкілдері жұртшылыққа жарыса жариялап, көрсеткен болатын. Олимпиада ойындары тізіміне енді ғана қосылған команда болып өнер көрсету аталымы бойынша ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медалдарын салды, деп хабарлайды РИА Новости. Бұған дейін тағы бір ресейлік Ольга Граф есімді спортшы конькимен жүгіруден қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Дәл қазірге дейін Қазақстан құрамасы "Сочи-2014" Олимпиадасында әлі жүлделі отырдардан көріне қойған жоқ. Қазақ елі зор үміт артқан Алексей Полторанин ерлер арасындағы 30 шақырымдық скиатлон сайысында бар болғаны 16 орыннан ғана көріне алса, Игорь Закурдаев жылдам сырғанауда 33-ші, могул турнирінде Юлия Галышева 7-ші, ал биатлонист Елена Хрусталева 7,5 шақырымдық спринтте тек 57-ші болып келуге ғана шамасы жетті.
Ресей Президенті Владимир Путин мен Премьер-Министр Дмитрий Медведев Сочиде тау шаңғысын тепті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Медведев Мемлекет Басшысымен Сочидегі демалыс орындарында бірге түскен фотосуреттерді өзінің Instagram парақшасында "Сочи 2014. Горные лыжи:-)", деп айдар тағып жариялапты.
Атап өтейік, Сочи Олимпиадасының ашылу салтанаты өтіп жатқанда Медведевтің ұйықтап қалғанын бірнеше БАҚ өкілдері жұртшылыққа жарыса жариялап, көрсеткен болатын.
Олимпиада ойындары тізіміне енді ғана қосылған команда болып өнер көрсету аталымы бойынша ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медалдарын салды, деп хабарлайды РИА Новости. Бұған дейін тағы бір ресейлік Ольга Граф есімді спортшы конькимен жүгіруден қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Дәл қазірге дейін Қазақстан құрамасы "Сочи-2014" Олимпиадасында әлі жүлделі отырдардан көріне қойған жоқ. Қазақ елі зор үміт артқан Алексей Полторанин ерлер арасындағы 30 шақырымдық скиатлон сайысында бар болғаны 16 орыннан ғана көріне алса, Игорь Закурдаев жылдам сырғанауда 33-ші, могул турнирінде Юлия Галышева 7-ші, ал биатлонист Елена Хрусталева 7,5 шақырымдық спринтте тек 57-ші болып келуге ғана шамасы жетті.