30 сәуір 2014 | 08:15

Путин: Ресейге қатысты санкциялардың еуроинтеграцияға әсері болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған

"Ресей президенті Владимир Путин "Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қатысты Еуроодақ пен АҚШ енгізген санкциялардың еуразиялық интеграцияға әсері болмайды" деп мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Ресей президенті Владимир Путин "Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қатысты Еуроодақ пен АҚШ енгізген санкциялардың еуразиялық интеграцияға әсері болмайды" деп мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

"Ресейге қатысты санкциялардың еуроинтеграцияға қандай әсері болуы мүмкін?" деген сауалға Путин: "Ешқандай әсері болмайды, интегерация бұл тек қатысушы елдерге қатысты шара" деп жауап берді. "Біз бүгін алға қарай маңызды қадам жасадық. Экспорттық мәселелердің кейбір тұстарында келісуші тараптар арасында толықтай түсіністік бола бермейді. Бүгінгі жасалып отырған қадам еуроинтеграция келісіміне белгілеген уақытта қол қойылатынын көрсетті деп ойлаймын. Әлі де кей тұстарын соңына жеткізу қажет. Десе де, барлық тараптар бір келісімге келіп отыр" деп қосты Путин.

Сондай-ақ, Путин, Ресейге қатысты санкцияның екінші пакетінің не үшін енгізіліп отырғанын түсінбейтінін жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, Украинадағы жағдайға байланысты дейтіндей еш себеп жоқ. "Бірінші пакетті заңсыз деп білеміз. Ол Ресей мен АҚШ және Еуропалық экономикалық одақ арасындағы қарым-қатнасқа залал келтіреді. Ал, екінші пакет мүлдем түсініксіз. Қазіргі Украинада болып жатқан жағдайға мұның еш қатысы жоқ" деді Путин.

Сонымен қатар Ресей президенті Украинада ресейлік әскерилер мен әскери инструкторлардың жоқ екенін атап өтті. "Біз үнемі сол жерде ресейлік арнайы жасақ, әскери инструкторлар бар дегенді естиміз. Украинада ресейлік әскерилердің, әскери инструкторлардың, арнайы жасақтың жоқ екенініне толық жауап беремін" деп атап өтті Путин.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети