Путин Серік Сұлтанғабиевке Ресей батыры атағын берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путин Серік Сұлтанғабиевке Ресей батыры атағын берді Серік Сұлтанғабиев. ©kp.ru

Ресей президенті Владимир Путин Серік Сұлтанғабиевке Ресей батыры атағын берді, - деп хабарлайды URA.Ru. Еске сала кетейік, Қазақстанда туған азамат, Лесной қаласы әскери бөлімінің командирі Серік Сұлтанғабиев оқу-жаттығу кезінде өз кеудесін гранатаға тосып, кіші сержанттың өмірін құтқарып қалған болатын.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путин Серік Сұлтанғабиевке Ресей батыры атағын берді, - деп хабарлайды URA.Ru. Еске сала кетейік, Қазақстанда туған азамат, Лесной қаласы әскери бөлімінің командирі Серік Сұлтанғабиев оқу-жаттығу кезінде өз кеудесін гранатаға тосып, кіші сержанттың өмірін құтқарып қалған болатын.

Офицерді құттықтау үшін Мәскеудегі Ресей Ішкі әскері госпиталіне ІІМ Ішкі әскерінің бас қолбасшысы Виктор Золотов барған. Сондай-ақ, 42 жастағы Серік Сұлтанғабиевтің көңілін сұруға Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашеваның тапсырысымен Свердлов облысының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Мерзлякова да келді. Ол батырды мемлекеттік сыйлық алғанымен құттықтап, облыс басшының атынан қолсағат сыйлады. 

Айта кетейік, Серік Сұлтанғабиев Ерлігі үшін ордені мен "Спешите делать добро" деп аталатын медальға да ұсынылды. Қазіргі таңда полковниктің беті бері қараған. Дәрігерлердің айтуынша, әскеридің жағдайы қалпына түсіп, денсаулығы дұрысталып келеді

Еске сала кетейік, Сұлтанғабиев 25 қыркүйекте ерлік жасаған еді. Әскери граната атқылау кезінде кіші сержант қолынан гранатасын түсіріп алды. Сол сәтте Серік Сұлтанғабиев оны итеріп жіберіп, гранатаны кеудесімен бүркемелеп, жарықшақтан ауыр жарақаттанды. Ал, кіші сержант зардап шеккен жоқ. Тергеушілер оған қатысты "Төңіректегілерге аса жоғары қауіп туғызатын қару-жарақтар мен заттарды ұстау ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол бап бойынша ең жоғары жаза - әскери қызметтен шеттету немесе тәртіптік әскери бөлімге екі жылға қамау.

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети