Қырым халықтық жасағы ресми мәртебеге ие болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырым халықтық жасағы ресми мәртебеге ие болады Сергей Аксенов. ©ИТАР-ТАСС/ Валерий Матыцин

Қырым халықтық жасағы Ресей Федерациясының құқықтық жағдайында Кубань казактарының үлгісімен ресми мәртебеге ие болады. Бұл туралы Қырым Республикасы премьер-министрі Сергей Аксенов айтты, - деп хабарлайды Newsru.com ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырым халықтық жасағы Ресей Федерациясының құқықтық жағдайында Кубань казактарының үлгісімен ресми мәртебеге ие болады. Бұл туралы Қырым Республикасы премьер-министрі Сергей Аксенов айтты, - деп хабарлайды Newsru.com ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Ресей Федерациясы жетекшілігімен келісілген бұл мәселе бізге жуық арада РФ құқықтық алаңында Қырым өзін-қорғау күштерін Кубань казактары үлгісімен заңдастыруға мүмкіндік береді", - дейді Аксенов.

Оның айтуынша, Ресей басшылығы Қырым Республикасының өзін-өзі қорғау қызметін жоғары бағалаған. "Біз, ең алдымен, сіздердің арқаларыңызда Қырымда тыныштықты сақтай алдық. Сіздерге мың мәрте тағзым", - деді Қырым министрлер кеңесінің төрағасы Симферопольдің орталығындағы Ленин алаңында сап түзеген жасақтарға қаратып. Бұл шара Симферопольдің неміс-фашист басқыншыларынан азат етілгеніне 70 жыл толуына арналған. 

"Арада 70 жыл өткенде сіздерге Қырымды тағы да азат етуге тура келді, бірақ бұл жолы бандерашылардан, өйткені соңғы 20 жыл ішінде Украинаның мемлекеттік саясаты, өкінішке қарай, ұлтшыл ұйымдардың дамуына жағдай жасады", - деді Аксенов.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети