Қырымды Ресейдің құрамына қабылдау туралы келісімге қол қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырымды Ресейдің құрамына қабылдау туралы келісімге қол қойылды Владимир Путин. Фото rbc.ua сайтынан алынды.

Бүгін Кремльде Ресей Федерациясының құрамына Қырым Республикасын, сондай-ақ Севастополь қаласын бөлек субъект ретінде қабылдау туралы келісім рәсімделді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аталған құжатқа Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Қырым Республикасының Жоғарғы кеңесінің басшысы Владимир Константинов, осы елдің премьер-министрі Сергей Аксенов және Севастополь қаласының уәкілетті өкілі Алексей Чалый қол қойды. Оған сәйкес, Қырым Республикасы Ресей Федерациясының құрамына кіріп, Севастополь қаласына бөлек федеративті субъект мәртебесі беріледі. Енді, бұл келісімді Ресейдің Мемлекеттік думасы ратификациялауы тиіс. "Бүгін мен Қырымда өткен референдум нәтижелеріне сүйене отырып, федералдық кеңестен екі жаңа субъект - Қырым Республикасы мен Севастопольді Ресейдің құрамына қабылдау туралы Конституциялық заңды қарап шығуды сұраймын. Сондай-ақ осыған байланысты тиісті келісімді ратифиакциялауды сұраймын. Сіздің қолдауыңызға күмәнім жоқ", - деді В.Путин бүгін Кремльде өткен арнайы жиналыста. Бұған дейін ол Қырым Республикасын бөлек мемлекет ретінде тану туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети