Чечня басшысы Рамзан Қадыров жаттығу кезінде қабырғасын екі жерінен сындырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Чечня басшысы Рамзан Қадыров жаттығу кезінде қабырғасын екі жерінен сындырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өткен жаттығудағы спарринг кезінде (...) бірнеше қатты соққы алдым. Соққылардың күшті әрі дөп тигені соншалықты, төртінші қабырғам екі жерден сынды", - деп жазды Қадыров Instagram желісіндегі парақшасында.
Жарақатына қарамастан, бапкерлер Рамзан Қадыровқа бір ғана демалыс күнін берді. Чечня басшысының баспасөз хатшысы Альви Каримов "Говорит Москва" радиостанциясына Қадыровтың қабырғасының сынуына байланысты емделуге арнайы уақыт алмайтынын айтты. "Жарақатына байланысты демалыс алған жоқ, қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Әрине, кейбір ыңғайсыздықтар бар, бірақ ол жұмыс ретін өзгертпеді, бүгін ол республика бойынша іссапарда жүр, егін өнімінің қандай екенін тексерді", - деді Каримов. Оның айтуынша, қабырғасының сынуы Рамзан Қадыровтың алып отырған бірінші жарақаты емес, мәселен Чечня басшысының оң қолының бас бармағы екі рет сынған.