Рамзан Қадыровтың қабырғасы екі жерінен сынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рамзан Қадыровтың қабырғасы екі жерінен сынды ©Instagram/Kadyrov_95

Чечня басшысы Рамзан Қадыров жаттығу кезінде қабырғасын екі жерінен сындырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чечня басшысы Рамзан Қадыров жаттығу кезінде қабырғасын екі жерінен сындырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен жаттығудағы спарринг кезінде (...) бірнеше қатты соққы алдым. Соққылардың күшті әрі дөп тигені соншалықты, төртінші қабырғам екі жерден сынды", - деп жазды Қадыров Instagram желісіндегі парақшасында.

Жарақатына қарамастан, бапкерлер Рамзан Қадыровқа бір ғана демалыс күнін берді. Чечня басшысының баспасөз хатшысы Альви Каримов "Говорит Москва" радиостанциясына Қадыровтың қабырғасының сынуына байланысты емделуге арнайы уақыт алмайтынын айтты. "Жарақатына байланысты демалыс алған жоқ, қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Әрине, кейбір ыңғайсыздықтар бар, бірақ ол жұмыс ретін өзгертпеді, бүгін ол республика бойынша іссапарда жүр, егін өнімінің қандай екенін тексерді", - деді Каримов. Оның айтуынша, қабырғасының сынуы Рамзан Қадыровтың алып отырған бірінші жарақаты емес, мәселен Чечня басшысының оң қолының бас бармағы екі рет сынған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети