Ресей Арктикадағы теңіз шекарасы қызметін күшейтпек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей Арктикадағы теңіз шекарасы қызметін күшейтпек snsz-ru.all.biz сайтынан

Ресей Арктикада жаңа заманға сай кемелер мен суасты қайықтары базасының жүйесін жасамақ. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  "РИА Новости"-ге сілтеме жасай отырып. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей Арктикада жаңа заманға сай кемелер мен суасты қайықтары базасының жүйесін жасамақ. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  "РИА Новости"-ге сілтеме жасай отырып. 

Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Путин РФ Қорғаныс министрлігіне Арктикадағы шекара күзетін, оның ішінде Федеральдық қауіпсіздік қызметінің теңіз шекарасы қызметін күшейтуді тапсырды.

Бұған дейін РФ Қорғаныс министрлігінің басшысы  Сергей Шойгу Арктиканың Ресейге қарасты бөлігінде 2014 жылы инфрақұрылым  дами түсетінін айтқан еді. Осы жылдың соңына дейін Арктикада Ресей әскери күштерінің қалыптасуы аяқталады деп күтілуде. 

Көпшілікке мәлім, Ресейде бесінші буынның суасты қайықтары жасалып жатыр. Қазіргі таңда Ресейдегі теңіз әскерилері үшінші буынның суасты қайықтарын пайдаланып келеді. Ал  төртінші буынның "Юрий Долгорукий" және "Санкт-Петербург" суасты қайықтары елдің әскери қарулы флотында енді қолданыла бастады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети