Ресей қыздыру шамдарына қатысты тыйымнан бас тартпақшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей қыздыру шамдарына қатысты тыйымнан бас тартпақшы ©econet.ru

Ресейде қыздыру шамдарына қатысты 2009 жылы енгізілген тыйымнан бас тарту ұсынылды, - деп жазады "Известия". Мемлекеттік думаның энергетика жөніндегі комитеті тиісті заң жобасын әзірледі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде қыздыру шамдарына қатысты 2009 жылы енгізілген тыйымнан бас тарту ұсынылды, - деп жазады "Известия". Мемлекеттік думаның энергетика жөніндегі комитеті тиісті заң жобасын әзірледі.

"Біз азаматтардан көп өтініш қабылдадық, олар үшін қуатүнемдегіш шамдардың құны тым қымбатқа түсіп отыр - өйткені олар бұрынғы электр шамдарынан он, тіпті, одан да көп есе қымбат, оның үстіне өткен жылы біз электрді тұтынуда қуаттың үнемделгенін байқамадық", - дейді Мемлекеттік думаның энергетика жөніндегі комитетінің мүшесі Андрей Крутов.

Оның айтуынша, ескірген, энергетикалық жағынан тиімсіз өнеркәсіп жабдықтары мен электр желілері энергия үнемдейтін шамдардың тиімділігін жойып отыр. "Біз халықтың есебінен ескірген инфрақұрылымның энергетикалық тиімділігін арттырмақ болдық, ал ол инфрақұрылымды ауыстыруды ешкім ойлаған жоқ", - дейді Крутов.

Депутат қуатүнемдегіш шамдардың қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіретіні туралы сарапшылардың пікірімен де бөлісті. Ресейде әлі күнге дейін мұндай шамдарды залалсыздандыратын пункттер ашылған жоқ. "Айналып келгенде денсаулыққа зиянды сынабы бар шамдар кәдімгі қоқыспен бірге лақтырылып жатыр, одан экологияға нұқсан келеді. Сарапшылардың көбі бұл шамдардан болатын сәулеленудің әсерінен көзге зиян келетінін айтады", - дейді Крутов.

Қыздыру шамдарына қатысты тыйым 2009 жылы сол кезде президент болған Дмитрий Медведевтің бастамасымен қабылданған еді. Қазақстанда электр қыздыру шамдарын өндіру мен сатуға 2012 жылдан бастап, кезең-кезеңмен тыйым салынатыны айтылған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети