Ресейге көлік алуға барған қазақстандықтардың жоғалтқан ақшасы қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейге көлік алуға барған қазақстандықтардың жоғалтқан ақшасы қайтарылды ©Gomelnews.onliner.by

Томск қаласында көлік алуға барған қазақстандықтардың жоғалтқан 24 мың АҚШ доллары көлемінде ақшасы қайтарылды, - деп хабарлайжы РИА Новости облыстық ІІМБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Томск қаласында көлік алуға барған қазақстандықтардың жоғалтқан 24 мың АҚШ доллары көлемінде ақшасы қайтарылды, - деп хабарлайжы РИА Новости облыстық ІІМБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Томск қаласының полицейлері қазақстандықтардың кафелердің бірінде тастап кеткен 24 мың доллар ақшасын қайтарып берді. Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның екі азаматы Томск қаласына көлік сатып алуға келген. Олар бір көлік сатып алғаннан кейін кафеге барып, сонда ақша салынған сөмкені ұмытып қалдырған. 

"Ұмытылған ақшаны еске түсірген азаматтар кафеге қайтып келеді, бірақ кафе жабылып қалған. Полиция қызметкерлері кафенің қожайынын тұрғылықты жері бойынша тауып, оның ұмытылған ақшаны алып кеткенін анықтады", - делінген хабарламада.

Кафенің қожайыны полицейлерге ақшаны берді, ал олар қазақстандықтарға қайтарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети