Ресей Бас прокуратурасы Алексей Навальныйдан жауап алмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей Бас прокуратурасы Алексей Навальныйдан жауап алмақ © РИА Новости

Ресейдің Бас прокуратурасы Алексей Навальныйдан жауап алып, оның Новосибирск пен Томскіге іссапарының жай-жапсарын білмек, - деп хабарлайды RT.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Бас прокуратурасы Алексей Навальныйдан жауап алып, оның Новосибирск пен Томскіге іссапарының жай-жапсарын білмек, - деп хабарлайды RT.

Қадағалаушы орган көлік полициясымен бірге Германия Әділет министрлігіне осындай өтініш жіберген.

Тергеушілер ресейліктің улануы туралы нұсқаны тексеріп, оның денсаулығы туралы тікелей білуге ​​ниетті екені хабарланған.

Бас прокуратураның қызметкерлері Навальныйдың іссапарын кім жоспарлағанын және Мәскеуден шыққаннан бастап Омбыдағы ауруханаға дейін қасында кім болғанын сұрамақ. Сондай-ақ, ведомство Томскіде ол қонақүйдегі нөмірін неге ауыстырғанын да білмек.

Сонымен қатар, неміс мамандарынан анализдер мен токсикологиялық зерттеулердің нәтижелері сұралған.

Навальныйдан жауап Германияда алынбақ. Германия Әділет министрлігі құжатты қабылдап, оны зерттеп жатқаны атап өтілді.

Еске салайық, 20 тамызда Алексей Навальный уланып, жансақтау бөліміне түскен болатын. Оппозиционер Томск қаласынан Мәскеуге ұшып бара жатқан кезде ұшаққа Омбыда шұғыл түрде қонуға тура келген еді.

Кейін ол германиялық ауруханаға жеткізілген. 10 қыркүйекте ресейлік оппозиционер есін жиғаны хабарланған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети