28 наурыз 2014 | 14:30

Ресей Қазақстан шекарасына "Искандер" зымыран кешендерін орналастырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Искандер" жоғары дәлдікті зымыран кешендері. ©РИА Новости "Искандер" жоғары дәлдікті зымыран кешендері. ©РИА Новости

Ресей Қазақстанмен арадағы шекараға "Искандер" зымыран кешендерін орналастырады деп хабарлайды "Известия".


Иконка комментария блок соц сети

Ресей Қазақстанмен арадағы шекараға "Искандер" зымыран кешендерін орналастырады деп хабарлайды "Известия".

Ресейдің Арнайы құрылыс федералдық агенттігі 2014 жылдың соңына қарай Қазақстанмен арадағы шекарадан 100 шақырымға "Искандер-М" зымыран кешендері қоймасын салуды жоспарлап отыр. Қажет болған жағдайда ҚР үкіметімен арадағы уағдаластыққа сәйкес, жедел-тактикалық зымырандарды Қазақстан аумағына жылдам жылжытуға болады - бұл Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құжаттарында қарастырылған. 

Ресей қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, Орынбор облысы Тоцкое-2 селосындағы "Искандерлерге" арналған алаңды дайындау жылдың соңына дейін аяқталады. Арнайы құрылыс агенттігі қойманы дайындау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты растады, бірақ жай-жапсарын айтудан бас тартты. 2014 жылдың желтоқсанында Тоцкое-2 елді мекеніндегі зымыран бригадасы "Искандер-М" жаңа кешендерін қабылдауға дайын болады. Бұл бөлім 2012 жылдың күзінде Орынбор түбіндегі Каменка елді мекенінен көшіріліп әкелген.

Айта кетейік, Ресей қарулы күштерінің зымыран бригадасында 12 іске қосу кешені бар. "Искандер-М" кешендерінің әрекет ету қашықтығы - 500 шақырымға дейін, Р-500 қанатты зымырандары үшін бұл көрсеткіш 2000 шақырымға жетуі мүмкін. Тоцкое-2 мекеніндегі кешендер Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысына дейін атып түсіре алады. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі заманғы зымыран кешендері бұрынғы кеңестік республикаларды Орталық Азиядағы болуы мүмкін қауіптерден қорғауға мүмкіндік береді. 

Осы жайтқа байланысты түсініктеме берген Moscow Defence Brief журналының бас редакторы Василий Кашин АҚШ-тың Ауғанстаннан әскерін шығара бастауына байланысты Орталық Азияның мейлінше қауіп-қатерлі бағыт саналып отырғанын айтты. Оның пікірінше, америкалықтардың кетуі Қырғызстан мен Өзбекстанда ахуалдың тұрақсыздануына әкеліп соғуы мүмкін. "Мұндай жағдайда Ресейдің Орталық әскери округінің жасақтары жылдам жылжуға және Қазақстанға шекараны қорғауға көмектесуге дайын болуы тиіс. Қазақстанның өз күштері онша көп емес", - деді Кашин.

Стратегиялық бағалар институтының президенті Александр Коновалов Ауғанстанды радикал исламның толқыны шарпуы мүмкін деп есептейді. "Бұл ықпал ел шекарасынан тыс аумақтарға, ең алдымен, Орталық Азияның посткеңестік республикаларына таралатын болады. Қазақстан мен біздің мүдделеріміз ұқсас. Исламистер бандасымен салыстырғанда, техника, соның ішінде, "Искандерлер" есебінен біздің үлкен артықшылығымыз болады", - дейді сарапшы.



Подробнее:https://tengrinews.kz/russia/rossiya-razmestit-raketnyie-kompleksyi-iskander-na-granitse-s-kazahstanom-252619/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети