Ресей Қазақстаннан келетін көкөністерге шектеуді алып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей Қазақстаннан келетін көкөністерге шектеуді алып тастады Фото:elements.envato.com

Ресей Қазақстаннан келетін көкөністерге шектеуді алып тастады. Бұл туралы Россельхознадзордың хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей Қазақстаннан келетін көкөністерге шектеуді алып тастады. Бұл туралы Россельхознадзордың хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Россельхознадзор 2022 жылдың 5 наурызынан бастап бұрын енгізілген шектеулерді алып тастайды және тоғыз елден көкөніс өнімдерін Ресейге әкелуді қайта бастайды",-делінген хабарламада.

Әкелуге рұқсат етіледі:

  • Қазақстан Республикасынан қызанақ және бұрыш;
  • Армения Республикасынан қызанақ;
  • Әзірбайжан Республикасынан қызанақ;
  • Беларусь Республикасынан қызанақ және бұрыш;
  • Египет Араб Республикасынан картоп;
  • Қырғызстан Республикасынан қызанақ және бұрыш;
  • Түркия Республикасынан қызанақ, бұрыш, кәді және баклажан;
  • Түрікменстаннан қызанақ және бұрыш;
  • Өзбекстан Республикасынан қызанақ пен бұрыш.

Россельхознадзордың айтуынша, шешім жоғарыда аталған елдердің өсімдіктер карантині және қорғау жөніндегі ұлттық ұйымдары ұсынған аймақтандыру туралы ақпаратты, сондай-ақ, Ресей Федерациясы мен ЕАЭО-ға мүше елдердің фитосанитариялық талаптарын бұзуға жол бермеу үшін қабылданған шараларды талдау нәтижелері бойынша қабылданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети