06 желтоқсан 2014 14:57

Ресей лаңкестікке үндеген украин депутаттарын жазаламақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

sledcom.ru sledcom.ru

Ресейдің Тергеу комитеті Грозныйдағы оқиғадан кейін террорлық әрекеттерге ашық үндеу тастаған украиналық үш депутаттың үстінен қылмыстық іс қозғауға шешім қабылдады, - деп хабарлайды РИА Новости аталған ведомствоның өкілі Владимир Маркиннің журналистерге берген пікіріне сілтеме жасап. 

"Ресейдің Тергеу комитеті басқармасы украин депутаттары жүргізілген зерттеу нәтижесінде Юрия Берез, Андрей Левус және Игорь Мосийчуктардың "Террорлық әрекеттерге ашық үндеу тарату және ланкестік әрекеттерді ашық ақтау" бабы бойынша, қылмыстық әркетке барған", - дейді Маркин.

Біз бұған дейін Шешенстан президенті Рамзаен Қадыров шешенстандық күш құрылымдарына елге шабуыл жасаған терроршыларды ашық түрде қолдаған украиндық үш депутатты қолға түсіріп, Шешенстанға алып келуге тапсырма бергенін жазған едік.

Соңғы уақыттарда Солтүстік Кавказда түрлі қақтығыстар орын ала бастады. Соның бірі өткен бейсенбі күні Шешенстанның астанасында болды. Бір топ қарақшылар алдымен жол-патруль қызметіне шабуыл жасап, артынша Баспа үйі мен мектепті басып алды. Бүлікшілерді жою операциясы бірнеше сағатқа созылды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 14 полиция қызметкері қаза тауып, 36-сы жараланған. Сондай-ақ, 11 ланкестің көзі жойылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети